Камила Керімбаева Мәскеуде өтіп жатқан жүлде қоры 25000 АҚШ долларын құрайтын  ITF жарысының екінші айналымына шықты.

Керімбаева екі сетте ресейлік Екатерина Яшинді жеңді – 6:2, 6:1.

Ал іріктеу кезеңінде екі қазақстандық теннисші өнер көрсеткен болатын. Анна Данилина келесі кезеңге өткенімен, Александра Гринчишинаның жолы болмады.