Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов алдағы жекпе-жектеріне дайындықты бастады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.
«Ассалаумағалейкум, баршаңызға! Жаттығуымызды Ернұр ағаммен бастадық. Жақын арада үлкен жекпе- жектер, үлкен жаңалықтар болады. Күтіңіздердер», - деп жазды Садриддин.
Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегінде мексикалық Даниэль Вега Котаны жеңген болатын.
Комментарии