Қазіргі таңда Аргентинаның «Бока Хуниорс» командасында доп теуіп жүрген Дание́ле Де Ро́сси жас футболшылар жайлы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

- Кейбір жас ойыншылар ойын алдында киім ауыстыратын бөлмеде Instagram-да тікелей эфирге шығып отырады. Сондайларды көргенде битамен (бейсболдың таяғы) тістерін қағып алғым келеді, - дейді Де Росси.

Айта кетейік, италиялық «Романың» капитаны жақында ғана «Бока Хуниорске» ауысқан болатын.