«Астанаға» қарсы жауапты ойын алдында «Валлетта» командасының бас бапкері Даррен Абдилланың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Қазақстанда өте қиын кездесу өтті. Дегенмен, ертең жаңа ойын. Біз барынша жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз.

- Өткен ойында дәл сондай нәтиже тіркеледі деп күттіңіз бе?

- Біз ол кездесуге барынша дайындалдық. Әрине, ондай нәтиже күткен жоқпыз. Мен ешкімді кінәлағым келмейді. Команданың көрсеткен нәтижесіне бірінші кезекте мен жауаптымын. Бізде ол кездесу алдында бірқатар қиындықтар болды. Дегенмен, барынша жақсы ойын көрсетуге тырыстық. Алайда, «Астана» өте мықты команда.

- Команда құрамында жарақат алған ойыншылар бар ма?

- Иә, жарақат алған ойыншылар бар. Бірақ, ертең олардың бірнешеуі алаңға шығады деген үміттемін.

- Осы жылғы еуромаусымға қандай баға бересіз?

- Мен бұл маусымды «Астанаға» қарсы кездесумен ғана өлшегім келмейді. Бізді алда өте маңызды ойындар күтіп тұр. Осы жылы біз өте сәтті кезең өткердік. Алдымен, Чемпиондар Лигасында «Дюделанж» командасынан өтсек, артынша «Ференцварошпен» өз алаңымызда тең нәтижеге қол жеткіздік. «Астана» - Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуға қауқарлы, үлкен клуб. Алғашқы ойын нәтижесіне қарамастан, менің өз ойыншыларыма толықтай көңілім толады.