«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Поль Погба Мадридтің «Реалына» 200 миллион еуроға да сатылмайды, деп хабарлайды Prosports.kz AS.com сайтына сілтеме жасап.

«МЮ» бұл трансферге түбегейлі қарсы. Погбаға ағылшын клубы сапында тағы бір жыл тер төгуге тура келеді.

26 жастағы Поль Погба өткен маусымда 47 матч өткізіп, 16 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді. Оның «Манчестер Юнайтедпен» келісімшарты 2021 жылға дейін, ал трансферлік құны 100 миллион еуроны құрайды.