«БИІК-Қазығұрт» қыздар футбол командасы УЕФА Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінде үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Шымкенттік ұжым соңғы матчта финландиялық ПК-35 командасын 4:1 есебімен ұтты.

Үш ойынның үшеуінде де үш ұпайдан алған отандық команда бірінші орынмен 1/16 финалға жолдама алды.

Жеребе тарту рәсімі 16 тамыз күні өтеді.

ПК-35 (Финляндия) - «БИІК-Қазығұрт» (Қазақстан) - 1:4 (0:2)

Голдар: Вера Саастомойнен 90+2 - Мисози Зулу 23, Екатерина Бабшук 38, Рейчел Кундананджи 60, Мария Илич 62

13.08.2019. Кадриорг, Таллин.