Кеше СҚО теміржол вокзалында Нанкиндегі ІІ жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Дарья Медведьеваны күтіп алды, деп хабарлайды inform.kz.

15 жасар спортшы көркем гимнастиканың топтық жаттығуы бойынша қола медаль еншілеген болатын. Сайысқа жалпы әлемнің 87 елінен спортшылар қатысты.

Спорт шеберінің кандидаты Дария өз өнеріне баға берді:

«Сезімім толастар емес. Оңай болған жоқ. Бізде бір қыз жарақат алып қалды, сондықтан төртеуіміз жұмыс жасадық, ол тек соңғы күні қосылды да, сайысқа бірге қатыстық. Біз шоқпармен және шеңбермен өнер көрсеттік. Менің ендігі мақсатым – халықаралық деңгейдегі спорт шебері болу»,- деді Медведьева.