Мәдениет және спорт министрлігі спортшылардың сапарын қаржыландырудан бас тартты, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Қазақстандық бадминтоншылар Оңтүстік Кореяда өтетін Азия ойындарына қатыса алмайды. Себебі Мәдениет және спорт министрлігі спортшылардың сайыста жеңіске жете алатынына сенбейді.

Оңтүстік Қазақстанның ойыншы бапкері Вероника Сорокина осы жағдай туралы пікірін айтты.

«Өкінішке қарай, Азия ойындарында бадминтоннан Қазақстанның намысын ешкім қорғамайды. Себебі мен медаль алып келе алатымызға кепілдік бере алмаймын. Мен мұны дұрыс емес деп санаймын. Егер осылай есептесек, Олимпиада мен басқа да турнирлерге спортшыларымыздың бармауы керек. Ал чемпиондар қайдан шығады? Олар бірден жүлде алып, медаль еншілей алмайды ғой», - деді Сорокина.

Енді бадминтоншылар 15 қыркүйекте Шымкентте өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалады.