Бірінші орта салмақтағы WBO Inter-Continental чемпиондық белбеуінің чемпионы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) Golden Contract турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жарыстың жеңімпазы әлемнің үздік промутерінің бірімен екі жылдық келісімшартқа отырады. Бұдан бөлек үздік шыққан боксшы келісімшарт бойынша әр жекпе-жегі үшін алты санды сыйақы беріледі.

- Мен бірінші орта салмақтың королі болуды мақсат еттім. Менің сөзімді естеріңізде сақтаңыздар. Алағы 18 айда чемпион боламын, - деді Жанқош Тұраров.

Айта кетейік, әзірге турнирге нақты кімдердің қатысатыны белгісіз.