Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Оспанов кезекті жекпе-жегіне дайындалу үшін Тайландқа оқу-жаттығу жиынына аттанды.

АСА (Absolute Championship Akhmat) тұжырымында өнер көрсететін Арман Оспанов кезекті жекпе-жегінде ресейлік Алексей Полпудниковпен жекпе-жек өткізеді. АСА 99 турнирі қыркүйек айының 27-ші жұлдызында Мәскеу қаласында өтеді. «Сұңқар» жекпе-жекке дайындығын пысықтау үшін Тайландта оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Қос спортшы бұған дейін екі мәрте кездескен. Алғашқы жекпе-жекте Арман Оспанов жеңңіске жетсе, екіншісінде Алексей Полпудников басым болды.