2019 жылы 8 тамыз күні Қытай футбол федерациясы 20 жасқа дейінгі жастар құрамасына (U20) шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

24 ойыншыдан құралған тізімде бір есім біздің көзімізге оттай басылды. Елжан Шынарұлы есімді қазақ баласы Қытай жастар құрамасына шақырту алған екен.

20 жастағы ойыншы Қытай Суперлигасында бақ сынайтын «Шэньчжэнь» командасында доп теуіп жүр. Алаңдағы орны қапталдағы қорғаушы.

Елжан Шынарұлы - 1999 жылы 6 маусым күні Алтай аймағының Бурылтоғай ауданында дүниеге келген. 2016 жылдан бастап Қытайдың Гуандун өлкесінде аладоптың қыр-сырын меңгерген.

2018 жылы алғаш рет «Шэньчжэнь» футбол клубының U19 командасында өнер көрсетіп, бір маусымда 3 гол соғып, 4 голдық пас берген.

Елжан Шынарұлы