Қазақстан Кубогының финалында керекулік «Ертіс» көкшетаудың «Арланын» жеңіп, тұңғыш рет Кубокты жеңіп алды.

Матч тағдыры екінші кезеңде-ақ шешіліп қойған болатын. Керекуліктер қарсылас қақпасына үш шайба соқты, ал «Арлан» тек бір ғана шайбамен жауап қайтарды. Ал соңғы периодта Алексей Воронцов матчтың нүктесін қойып, командасына толыққанды жеңісті сыйлады.

Осылайша керекулік «Ертіс» тарихында алғаш мәрте Қазақстан Кубогының иегері атанды.

 

«Арлан» (Көкшетау) – «Ертіс» (Кереку) 1:4 (0:0, 1:3, 0:1)

0:1  Роб. Хуна (Липин, Беллуш)  30:390:2  Вак (Хьюса, Чакайик)  35:581:2  Хасаншин (О'Коннор, Риндео)  37:321:3  Чакайик (Вак, Трясунов)  39:591:4  Воронцов ( Роб. Хуна)  54.05

Қақпашылар: Мальгин  Пинц