Қазақстан Кубогы жарысында үшінші орын үшін болған матчта атыраулық «Бейбарыс» пен елордалық «Номад» кездесті.

Алғаш болып қонақтар сапынан Руслан Базанов есепті ашты. Алайда кездесудің соңғы минуттарында Юрий Могильников таразы басын теңестіре алды. Қосымша уақытқа жалғастан кездесуде «Номад» шабуылшысы Нұрсұлтан Белгібаев гол соғып, командасына жеңісті сыйлады.

 

«Бейбарыс» (Атырау) – «Номад» (Астана) 1:2 ОТ (0:0, 0:1, 1:0, 0:1)

0:1 – Базанов (Хамматов) – 38:23,1:1 – Могильников – 59:281:2 – Бельгибаев (Хамматов, Анциферов) – 60:34

Қақпашылар: Ючерс – Полуэктов