ҚР Президент кубогының соңғы кездесуінде «Барыс» уфалық «Салават Юлаевпен» жолықты, деп жазады Prosports.kz.

Андрей Скабелка шәкірттері жарысты жеңіспен аяқтады. Матчтың алғашқы бөлігінде Никита Михайлис қазақстандық команданы алға шығарды. Алайад, екінші периодта қонақтар Максим Майоровтың көмегімен таразы басын теңестіріп кетті.

Үшінші, әрі соңғы жиырма минуттықта есеп өзгермеді. Ал буллит сериясында «Барыстың» жолы болып, команда жеңіске жетті.

«Барыс» бесінші мәрте ҚР Президент кубогында үздік атанып отыр.