Қазақстандық Геннадий Головкинді бұрын бірнеше рет жекпе-жекке шақырған кіші Чавес (51-3-1, 33 КО) қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді, деп жазады Prosports.kz.

Екі жылдан астам уақыт шаршы алаңға шықпаған мексикалық Колумбия боксшысы Эверт Бравоны (25-11-1, 19 КО) алғашқы раундта сұлатып салды. Бауырынан қатты соққы алған Браво жекпе-жекті жалғастыра алмады. Жекпе-жектен кейін Хулио Сесар Чавес қыркүйек айында Ангуломен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.