Апаттың кесірінен 18 жасар жасөспірімдер арасындағы велоспорттан әлем чемпионы Игор Декране қайтыс болды. Бұл туралы ол өнер көрсеткен Tieltse Rennersclub командасының Facebook желісіндегі парақшасында хабарланды.

Декране былтыр Флоренциядағы әлем чемпионатының бөлек сөре бойынша жеке сайысында құбылмалы жейдені ұтып алған болатын. Осы маусымда спортшы бірнеше рет жарақат алып қалды, десек те, ол Понферрадтағы (Испания) әлем чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға шақырылған еді.

Сондай-ақ, шетелдік басылымдардың мәлімдеуінше, шабандоз өз-өзін өлтіруі де мүмкін. Апаттың жай-жапсары тексеріс үстінде.

«Тур де л'Авенир» велододасының соңғы кезеңі қайтыс болған шабандозды еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздікпен басталды.