«Эвертонның» бас бапкері Роберто Мартинес қарсыласының ойыншыларын арандатқан Диего Костаның қылығы туралы пікірін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Шеймус Коулмэннің автоголынан кейін Коста допты алып, ирландиялыққа бір нәрсе деп айқайлады. Осы оқиғадан кейін Коста мен «Эвертон» қақпашысы Тим Ховард арасында қақтығыс боп қалған болатын.

«Шет елдік ойыншыларға Премьер-лигаға ауысқаннан кейін, бұл жақтың мәдениеті мен әдебі бөлек екенін түсіну керек. Сенің қолыңнан келетін ең жаман нәрсе – басқа футболшыны құрметтемеу, тіпті, ол саған қарсы ойнаса да. Мұны Коста тез түсінеді деп ойлаймын.

Алаңда өз-өзіңді ұстау – британиялық ойынның бірден-бір ерекшелігі. Бұл лигада ойнау үшін кәсібилік пен құрмет қажет.

Костаға біраз уақыт керек, кейін бұл лиганың басқаша екенін түсінеді, оған ойыншылардың өзі икемдену қажет, лига жаңа ойыншылардың әдеттерін қабылдамайды», - деді Мартинес.