33 жастағы әлемнің экс-чемпионы кіші Хулио Сезар Чавес Мексикада салмақ өлшеу рәсімін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Екі жылғы үзілістен кейін қайта оралған Чавес 34 жасар колумбиялық Эверт Бравомен жекпе-жек өткізеді. Мексикалықтың салмағы 79,5 келі тартса, Браво 1 келі жеңіл болып шықты.

ESPN таратқан ақпаратқа сәйкес, Чавес осы жол жеңіске жететін болса, қараша айында әлемнің тағы бір бұрынғы чемпионы Дэниел Джейкобспен рингке шығуы мүмкін.