«Ақтөбе» футзал клубы жаңа маусымға дайныдықты бастады.

Бас бапкер Олег Солодовник бастаған ойыншылар Щучинск қаласының маңындағы спорт базасында екі аптаға созылған жаттығуға қатысады. Оқу-жаттығу жиындары 12-29 тамыз аралығында өтеді.

Оқу-жаттығу жиынына 11 жергілікті футбол мектеінің түлегі, үш қазақстандық ойыншы және төрт легионер қатысады. Команда сапына жаңадан келгендер де бар. Оқу-жаттығу жиыны аясында екі жолдастық кездесу өткізу жоспарланып отыр.