Қазақстандық Андрей Голубев Италиядағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Спортшы жұптық сында сәтті өнер көрсетіп жатыр. Голубев пен бразилиялық Фелиппе Алвес ширек финалда франциялық дуэт Бенжамен Бонзи мен Максим Мораны жеңді.

Матч екі сетте аяқталды – 6:4, 6:2.