Әлем чемпионатына дайындық қарқынды жүруде. Турнирді ұйымдастыру комитетіне қазақстандық мамандардан бөлек, Венгрия мен Жапония сарапшылары да енген.

«Алматыда өтетін турнир – ауыр атлетика үшін маңызды оқиға. Себебі мұнда 2016 жылы Рио-де-Женейрода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алуға болады. Әлем чемпионатына 500-ден аса спортшы қатысады. Мұндай жарыс посткеңестік аймақта бірінші рет болайын деп отыр», - дейді ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков.