Швейцария құрамасының жартылайқорғаушысы Джердан Шакири жақын уақытта мәскеулік «Спартак» жейдесін киюі мүмкін.

Sports.ru сайты мәлімдегендей, ресейлік клуб Шакириді, «Спартак» үшін рекордтық, 20 миллион евроға сатып алмақ. 

Естеріңізге сала кетейік, Шакири «Спартакқа» ауысуға келісімін берді. Ал швейцариялық футболшыға «Интер» мен «Ювентус» сияқты бір топ клубтар қызығушылық танытуда.