Өзбекстандық шабуылшы Жафар Ирисметов sport.ua тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан чемпионатында ойнаған кездерін есіне алды.

«Украина чемпионатынын кейін спорттық мансабым алға жылжыда ма? Солай деуге болады. Өйткені тұрақты гол соғып, ойыным жүре бастады. Әсіресе, «Алма-Ата» сапында өнер көрсеткен жылдарым жаныма жақын. Команда өте жас футболшылардан жасақталған болатын, бірақ Ел Кубогын жеңіп, УЕФА Кубогында бақ сынадық. Құрамымыз өте жақсы болатын. «Қайрат» пен «Ақтөбеде» ойнаған кездерімде есімде. Жалпы, Қазақстанда өкізген уақытыма көңілім толады», - деді Ирисметов.