2019 жылдың жазында Англия Премьер-лигасының клубтары жаңа ойыншыларға 1,386 миллиард фунт стерлинг жұмсады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Transfermarkt хабарлап отыр. Дереккөзге сүйенсек, 2019 жылғы жазғы трансфер терезесі өткен жылдың рекордтық көрсеткішінен асқан жоқ. Ол кезде 1,455 миллиард фунт жұмсалған еді.

Ең қымбат трансфердің авторы - «Манчестер Юнайтед». Олар Англия ұлттық құрамасының қорғаушысы Гарри Магуайр үшін «Лестерге» 78,3 миллион фунт төледі. Екінші орында «Лилльдің» бұрынғы шабуылшысы Николас Пепе тұр. Француздық футболшы лондондық «Арсеналға» 72 миллион фунт стерлингке ауысқан еді. Үшінші орында - «Атлетикодан» 63 миллион фунт стерлингке келген Родри.