Қазақстандық теннисші Андрей Голубев ITF Италия F17 Fututres турнирінің екінші айналымында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Андрей Голубев француз теннисшісі Максим Шазальдан 6:4, 1:6, 1:6 есебімен жеңіліс тапты.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші үшін аталмыш жарыс аяқталған жоқ. Бүгін ол бразилиялық Фелипе Алвеспен бірге жұптық сында бақ сынайды.