Қазақстанның әйелдер құрамасы Азиядаға баратын боксшыларды анықтады, деп хабарлайды бокс федерациясының ресми сайты.

Қырғызстанда Азия ойындарына және әлем чемпионатына дайындық аясында үш апта бойы өткізген оқыту-жаттығу жиынын аяқтады.

- Жиын жемісті болды, команда жалпы денелік және функционалдық дайындық жасап, қыздар спаррингтер өткізді. Қыркүйектің 5-і мен 7-і аралығында Щучинскіде Азия Ойындары алдындағы қорытынды жиын өтеді, - деп атап өтті команданың аға жаттықтырушысы Вадим Присяжнюк.

Тәлімгері Азияда ойындарында еліміздің атын қорғайтын спортшы қыздарымыздың атын атады. 51 кг – Жайна Шекербекова (Азия чемпионы), 60 кг – Гүлжайна Үббіниязова, 75 кг – Марина Вольнова (Олимпиаданың қола жүлдегері, ӘЧ финалисті, Азия чемпионы). Құрлықтық ойындарда қатысу тәжірибесі бар -Шекербекова мен Вольнова.