«Астана» Еуропа Лигасының үшінші кезеңі аясында Мальта чемпионы «Валетта» командасын 5:1 есебімен тас-талқан етті. Ойын соңында мальталық команда бас бапкері Даррен Абдилланың қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

- Бүгiнгi ойын туралы қандай ойдасыз?

- "Астана" үшiн бүгiн ұлы ойындардың бiрi болғаны белгiлi. Бiз алаңға шығарға дейiн де қарсыластарымыздың деңгейiн жақсы бiлген едiк. Қателiкке жиi бой алдырып, бес гол жiберiп алдық. Бiз үшiн бұл қиын ойын болды. Мұнда үйренiсiп кетуiмiз де оңай болмады. Менiңше, "Астана" келесi кезеңге ɵттi.
- Команданың Нұр-Сұлтан қаласына жетуi қиын болмады ма?
- Бiз 16 сағат ұшып келдiк. Уақыт айырмашылығы айтарлықтай зиянын тигiздi, соған бой үйрене алмадық. Жолдан шаршап келгеннен кейiн деңгейiмiздi жоғалтып алдық.
- Қарымта ойыннан не күтесіз?
- Мальтада мүлде басқа ойын болары анық. Біздің қазақстандық клубтарға қарсы ойындардағы тәжірибеміз бар. Бүгінгі жеңіліс туралы айтудың өзі қиын.
- Бүгiнгi матчтан кейiн "Валлеттаның" ɵз алаңында камбэк жасап, келесi кезеңге ɵтуi мүмкiн бе?
- Біз шындыққа тура қарауға тиіспіз. Біз бес гол айырмашылығымен ұтып кететін, Барселона емеспіз.