Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Президент Кубогы турнирінде қазақстандық «Барыс» ресейлік «Нефтехимикті» 5:3 есебімен ұтты.

Екінші кезеңнің басында «Барыс» 1:3 есебімен ұтылып жатқан. Алайда, қатарынан төрт шайбы соғып, Андрей Скабелка шәкірттері турнирдегі екінші жеңістеріне қол жеткізді.

Еске сала кетейік, «Барыс» алғашқы матчында «Ак Барсты» 6:1 есебімен ойсырата ұтқан еді.

«Барыс» (Астана) – «Нефтехимик» (Нижнекамск ) 5:3 (1:2, 2:1, 2:0)

0:1 - Митчелл (Уайт) - 0:240:2 - Порядин (Чуркин, Уайт) - 9:16 1:2 - Михайлис (Сагадеев, Сведберг) - 13:471:3 - Авцин (Хафизов, Шафигуллин) - 24:332:3 - Евдокимов (Гурков) - 35:15 3:3 - Бойд (Метальников) - 38:17 4:3 - Бойд (Сведберг) - 47:29 5:3 - Клещенко - 59:46