Ең арзан билет құны 27 долларды, яғни 5 мың теңгені құрайды, деп мәлімдейді BoxingScene.com.

Билеттерді StubHub Center кассасы мен AXS.com сайтынан алуға болады. Бағалары 27 мен 210 доллар шамасында. Кездесу Карсон қаласында (Лос-Анджелес, Калифорния штаты, АҚШ) 18 қараша күні StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Головкин-Рубио жекпе-жегінің жеңімпазы WBC қазіргі чемпионы Мигел Коттомен жұдырықтасады.