Керекулік «Ертіс» клубының бас бапкері Ойрат Садуов «Атырауға» қарсы өткен кездесу туралы ойын айтты.

«Әрине, жеңілу әрқашан да жағымды емес. Қарсылас сапынан алты ойыншы біреуі ойыннан шеттетілген, қалған алтауы жарақатына байланысты бұл кездесуге қатыспағаны бізге қол болады деп ойладым. Бірақ, өкінішке орай, екінші таймда біздің қақпаға қойылған 11 метрлік айыпдобы мақсатымызды толыққанды жойды. Дегенмен, команда бірн гол соғып, тағы бір мүмкіндігін пайдалана алған жоқ.

Мұндай қолайсыз ауа-райында ойнау қиынға соқты, физикалық тұрғыдан күш жетпегені көрініп тұрды. Бір жағынан үш ай бойы жеңіске жете алмай жүргеніміз де өз әсерін тигізді. Бірінші таймда біздің қақпаға тек қана бір соққы жасалды және ол голға айналды. Ал стандартты жағдайдан орын алған шабуылдарды қауіпті деп санамайын.

Бұнымен чемпионат аяқталмайды ғой — жарыс енді қызып келе жатқандай. Бүгін «Спартак» өз алаңында «Тобылды» қапы қалдырды, осымен үздіктер қатарында қалғысы келетінін дәлелдеді. Бар қызық енді басталады», - дейді Садуов.