«Атыраудың» бас бапкері Владимир Никитенко матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Ертіске» қарсы кездесу (2:1) туралы пікірін айтты, деп хабарлайды атыраулық клубтың ресми сайты.

– Бұның алдында «Тобылға» қарсы қиын ойын болды, себебі ұзақ уақыт жеңіске жетпеген едік. Бүгін сол жеңістің арқасында өзімізді сенімді ұстадық. Ыстық ауа-райында ойнау қиынға соқты, оның үстіне, алаң баяу болғандықтан допты кідіріп қала берді, сондықтан жылдам ойын болған жоқ. Бірінші қате кеткенше қызу ойын болды. Бірінші боп гол соға алдық, кейін пенальтиден есепті еселедік. Өкінішке қарай, бізге айыпдобынан салынған гол ойынды қайта шиеленістіріп жіберді. Нәтиже басқаша болуы мүмкін еді. Құдайға шүкір, ойынды соңына дейін жеткізіп, көп қате жібермедік.

Матчта екі жақ та техникалық тұрғыда қателер жіберді. Жігіттерге салқынқандылық танытқаны үшін рахмет.

– Құрамға байланысты сұрақ. Неге Абдулин, Пейкришвили және Блажич ойнамады?

– Пейкришвили мен Блажич Қостанайды жарақат алды, әлі айыққан жоқ. Ал Абдулин «Тоболмен» кездескенде 4-ші сары қағазын алды, сондықтан бұл ойынды жіберді.