Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) уақытша президенті Мохамед Мустахсан алты айдай жұмыс істегеннен кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мустахсан бұл шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдаған. Оның орнына әлі ешкім тағайындалған жоқ, дегенмен, AIBA жарғысы бойынша қалған төрт вице-президенттің бірі басшы бола алады. Мустахсан атышулы Гафур Рахимов аталмыш ұйымнан кеткеннен кейін тағайындалған болатын. Халықаралық олимпиадалық комитеттің талабы бойынша өз еркімен кеткен Рахимов, әуесқой боксты олимпиадалық бағдарламадан алып тастау туралы сөз болғанда, осы шешімді қабылдауға мәжбүр болған.

Естеріңізде болса, АІВА басшылығына Гафур Рахимовпен бірге қазақстандық Серік Қонақбаев таласқан болатын.