Уругвайлық футболшы Диего Форлан мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Мен футболшы ретіндегі жолымды аяқтаймын деп шештім. Әрине, бұл маған оңайға соққан жоқ. өзім түлеп ұшқан «Пеньяроле» клубында мансабымды аяқтағым келген. Алайда, бір мәмлеге келе алмадық - деді 40 жастағы Форлан.

Айта кетейік, Диего Форлан мансабында 9 елдің клубтарында ойнаған. «Атлетико Мадрид», «Манчестер Юнайтед», «Интер» секілді белді ұжымдардың намысын қорғаған.

Сондай ақ, Уругвай ұлттық құрамасымен бірге 2011 жылы Копа Америкада топ жарған. 2010 жылғы ОАР-өткен әлем біріншілігінде жартылай финалған дейін барып, сол турнирдің үздік футболшысы атанған еді.