Еуропа лигасынан шығып қалған «Тобылмен» қош айтысқан Михаил Гордейчук жаңа команда тапты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қостанайлық клуб басшылығы жартылай қорғаушы Михаил Гордейчукпен келісімшартты екі тараптың келісімі бойынша тоқтатқан болатын. Ол «Динамо-Бресттің» сапында 2020 жылға дейін өнер көрсетеді.

Михаил Гордейчук биылғы маусымда «Тобылдың» сапында 20 матчта алаңға шығып, 3 гол соққан.