Бокстан Қазақстан ерлер командасы әлем чемпионатына дайындықты бастады. Құрама мүшелері Алматы облысындағы Бүкіләлемдік АІВА бокс академиясының базасында жаттығуда.

Оқу-жаттығу жиындарын 17 тамызға дейін жалғасады. Кейін дайындықтың екінші кезеңі Нұр-Сұлтанда өтеді.