Батысқазақстандық «Атырау» өз алаңында керекулік «Ертістен» басым түсті.

Есеп алғашқы таймның соңын қарай ашылды. Алаң иелері сапынан Айбар Нұрыбеков қақпа маңында тұрған Доминик Адийға әуелетіп пас асырды, ол өз кезегінде жойқын соққысымен Вячеслав Котлярді қапы қалдырды. Екінші тайм басталысымен «Атырау» есепті еселей түсті. Қонақтар Нұрыбековқа қарсы қақпа маңында ереже бұзды. 11 метрлік айыпдобын орындаған Милош Трифунович мүлт кетпеді. Есеп 2:0. Матчтың  79-шы минутында Игорь Бурзанович айыпдобын тамаша орындап, есеп мәнін қысқартты. Алайда керекулік команданың бұдан артыққа шамасы жетпеді. 

 

«Атырау» (Атырау) – «Ертіс» (Кереку) 2:1 (1:0)

Голдар: 1:0 – Адийя (43), 2:0 – Трифунович (51, пенальтиден), 2:1 – Бурзанович (79)