Семейлік «Спартак» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қапы қалдырды.

Бірінші боп есепті 17-минутта алаң иелері Максим Азовскийдің көмегімен ашты – 1:0. Соғылған голдан кейін семейлік клубтың ойыншылары допқа иелік етіп, бірінші таймды бақылауда ұстады.

Екінші таймның басында қонақтар таразы басын теңестіре алды – «Тобыл» сапында Анатолий Богданов көзге түсті.

53-минутта төреші қостанайлықтардың қақпасына пенальти белгіледі – нүктеге келген Дюлгеров командасын тағы да алға шығарды. Бір айта кетердігі, Петрушин шәкірттері жеңісті есепте ұстап қалу үшін қорғаныста ойнамай, сәт сайыс қарсыласының қақпасынан үшінші рет саңлау табуға тырысты.

 

Қазақстан Премьер-лигасы. 24 тур.

«Спартак» - «Тобыл» - 2:1 (1:0)

Голдар: Азовский 17, Дюлгеров 53 – Богданов 50