Қызылордалық клуб сырт алаңда «Ордабасыға» қарсы маңызды жеңісіне қол жеткізді.

Шымкенттегі оңтүстікқазақстандық дербиде жергілікті «Ордабасы» мен қызылордалық «Қайсар» кездесті. Екі команда да бар күшін сап, «Атырауды» алғашқы алтылықтан шығарып тастады. Енді олардың мақсаты – екінші кезеңде сәтті ойнап, жанкүйерлерін қуанту. Бұл клубтардың алдына еурокубокқа жолдама беретін жүлделі орын еншілеуге міндет қойылмаған, бірақ командалар оңай беріле салмайды.

Бірінші таймда ыстыққа қарамастан қос команданың да футболшылары жылдам футбол көрсетті. Алайда жанкүйерлер голды командалар үзіліске кетер тұста ғана көрді – алаң иелерінің қақпашысы Александр Григоренконың қателігінен кейін Сергей Остапенок допты Фурдуйдің аяғына салып берді, соңғысы мүлт кеткен жоқ.

Екінші таймда футболшылар дөрекі ойнап, бір-біріне қарсы жиі ойын тәртібін бұзды. «Ордабасы» допқа иелік етсе де, таразы басын теңестіре алмады.

 

Қазақстан Премьер-лигасы. 24 тур.

«Ордабасы» - «Қайсар» - 0:1 (0:1)

Гол: Фурдуй 50