Испания құрамасының шабуылшысына италиялық «Милан» қызығушылық танытуда, деп хабарлайды sovsport.ru.

Metro.co.uk басылымының мәлімдеуінше, «россоньери» басшылығы Торреске 2 жылдық келісімшарт ұсыныпты. Алайда жылдық табысы 5,7 млн фунтты құрайтын келісім испандық футболшының көңілінен шықпаған. «Челсиде» Торрес жылына 8 млн фунт жалақы алады. «Ардагерлер» Торрестің қалған екі жылғы жалақысының тең жартысын төлеуге дайын, егерде футболшы кетемін десе.