«Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футболды жақсы ойнамағанда, актер болғысы келгені жайлы әңгімеледі, деп жазады Prosports.kz. Soccer.com порталына сілтеме жасап

«Егер мен футболшы болмағанда, актер немесе модель болатын едім. Білмеймін, актерлық жаныма жақындау сияқты. Бірақ бойымда талант бар ма, нақты айта алмаймын. Мен егер ерінбей жұмыс істесең, көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын үнемі айтып жүремін. Жақсы көретін киноларым өте көп. Ең сүйікті фильмім – «Қозылардың үнсіздігі». Маған көбіне драмалар ұнайды», - дейді атақты аяқдопшы.

Еске сала кетейік, Роналду өткен жылы «Реалдан» «Ювентуске» ауысты. Трансфер құны 117 миллион еуроны құрады. Португалиялықтың келісімшарты 2022 жылға дейін.