Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жылы кіммен рингте кездескісі келетінін айтты.

«Әзірше ойымда Марко Антониоға қарсы кездесу бар. Мен оны сыйлаймын. Ал 2015 жылға келер болсақ, PPV-кездесуді қалаймын. Бізде PPV-боксшылар кімдер? Әрине, Мигель Котто, Сауль Альварес, Чавес-кіші. Кімнің бірінші болатыны – маңызды емес», - деді 32 жастағы қазақстандық.   

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Рубио арасындағы кездесі 18 қазанда Калифорнияда болады.