Маунтинбайктан Ливанда өткен Азия чемпионатында қазақстандық Темірлан Мұхамедиянов 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Темірланның Азиядағы алғашқы табысы деуге де болады. Азия чемпионатына ХСЕ дисциплинасы бойынша қатысқан ол биыл ел спартакиадасында да алтын жүлде иегері атанған еді. Қалған орындарды Иран және Оңтүстік Корея спортшылары жеңіп алды.