Жанкүйерлердің наразылығы команданың ойынына емес, басшылыққа бағытталған, деп жазады Prosports.kz.

Голлландия чемпионатының алғашқы турында «Херенвен» мен қазақстандық Александр Меркель намысын қорғайтын «Хераклес» командаларының кездесуінде даулы жағдай орын алды. Жанкүйерлер алаңға жұмыртқалар лақтырып, тауық жіберіп, «Хераклестің» басшылығына наразылығын білдірген. Бас төреші матчты бірнеше минутқа тоқтатуға мәжбүр болды.

Жақында ғана «Хераклестің» стадионның атауын «Эрве Асито» деп өзгерту жайлы шешім қабылдаған болатын. Алайда, клуб жанкүйерлері бұған түбегейлі қарсылық танытты.

Кездесу 4:0 есебімен «Херенвеннің» пайдасына аяқталды. Меркель 90 минутты түгел алаңда өткізді.