ҚПЛ-да дебютін өткізген «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Кларенс Битанг «Оқжетпес» командасына қарсы өткізген ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosprots.kz сайты қызылордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Қазақстандағы дебюттық кездесу сәтсіз аяқталғаны өкінішті-ақ. Командаммен бірге жеңіске жеткім келді. Ойын жайлы айтар болсам, бірінші минуттан басымдық бізде болды.

Дегенмен нәтиже біз ойлағандай болмады. Алдағы ойындарда «Қайсар» барлығын қуантады.