«Астана» Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Андорра чемпионы«Санта Колома» командасына қарсы ойнап, 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл жеңіс елорда командасының УЕФА аясында өткізген кездесулеріндегі ең ірі жеңістерінің қатарына енді.

Елорда командасы ең ірі жеңіске Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы израильдік «Маккабиге» (4:0) қарсы кездесуде қол жеткізген болатын.

Астаналықтар үш гол айырмашылығымен израильдік «Хапоэль»(3:0), армяндық «Пюник» (4:1) және шведтік АИК (3:0) командаларын жеңген еді.