Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов кезекті жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды:

«Бүгін соңғы спарринг өткіздік, алдағы жекпе-жекке дайнбыз!!! Алда салмақ түсіру қалды».

Айта кетейік, Рахманқұлов келесі жекпе-жегін 9 тамызда Мексиканың Тихуана қаласында өткізеді. Қарсыласы 42 жастағы Косме Ривера.