Ресейлік «Сочи» футбол клубы «Премьер-лигаға жол» фильмінің жарыққа шыққанын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл фильмде 2018/19 жылғы маусым туралы егжей-тегжейлі баяндалады.

Ресей ұлттық лигасының (ФНЛ) өткен маусымында сочилік команда екінші орын алып, РПЛ-ге жолдама алған. Клуб осы керемет маусымнан сыр шертетін фильмді көрермен назарына ұсынып отыр.

Фильмнің алғашқы таныстырылымы:

Айта кетейік, Премьер-Лигаға шыққан «Сочи» алғашқы 3 турда да жеңіліске ұшырап, турнирлік кестесінің соңғы сатысында тұр.