36 жастағы ресейлік аралас жекпе-жек шебері Магомед Маликов (7-3) 5 жылдық үзілістен кейін мансабын жалғастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

2014 жылы Маликов Бретт Роджерспен жекпе-жекте сирағы сынып, содан бері төбелескен жоқ.

Өзінің мансабында Магомед Александр Емельяненко (28-7-1), Алексей Олейник (57-13-1) және Джефф Монсон секілді спортшылармен кездескен.