Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы Олимпиада өз мәресіне жетті.

Жалпы есепте Қытай спортшылары (38 алтын, 13 күміс, 14 қола) топ бастаса, Ресей (27 алтын, 19  күміс, 11 қола) мен АҚШ командалары (10 алтын, 5 күміс, 7 қола) үздік үштік қатарынан көрінді. 

Қазақстан болса  8 медальмен (3 алтын, 1 күміс, 4 қола) 21-ші орынға жайғасқан. 

Бауыржан Жауынтаев (дзюдо) - 1 орынАбылайхан Жүсіпов (бокс) - 1 орынҚуатбек Мұхамбет (еркін күрес) - 1 орын

Вадим Казаков (бокс) - 2 орын

Евгений Поливадов (грек-рим күресі) - 3 орын

Жасұлан Қалиев (ауыр атлетика) - 3 орынТатьяна Капустина (ауыр атлетика) - 3 орынВиктория Гуслякова, Амина Қожахат, Нұрай Құмарова, Дарья Медведева, Әлия Молдахметова (көркем гимнастика, топтық жарыс) - 3 орын.