«Манчестер Юнайтед» «Лестер» қорғаушысы Гарри Магуайрды 85 миллион фунт стерлингқа сатып алмақ ойы бар, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Айта кетейік, бұған дейін манкуандықтар «Лестерге» 70 млн фунт ұсынған, алайда олар айтылған сомаға ойыншыны сатудан бас тартқан.

Магуайр «Лестер» сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді, қорғаушы аталмыш клубта барлығы 76 ойынға қатысып, 5 гол соққан.